Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы
28
февраль
2026

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
28 ақпан – 2 наурыз аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған орай,  Шымкент ҚПД Туран АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мектеп инспекторы- Бекетаева Динара Дастановна - 2026 жылжың 26 ақпан күні жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында: 
🔹 Түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында және көшеде заңды өкілінсіз жүруге тыйым салынатыны;
🔹 Сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүруіне жол берілмейтіні;
🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алу және оның салдары;
🔹 Әкімшілік жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, кешкі уақытта олардың қайда және кіммен жүргеніне назар аударуларыңызды сұраймыз.
Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив