Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » 8-11 сынып оқушылары арасында бірлескен жоспар
18
февраль
2026

8-11 сынып оқушылары арасында бірлескен жоспар

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушылары арасында бірлескен жоспар «Лайықты ұрпақ тәрбиелейлік» тақырыбында Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің әдіскері -Алимбек Байбек Ұлықбекұлы, 
Шымкент ҚПД Туран АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны мектеп инспекторы- Бекетаева Динара Дастановна, Шымкент қаласының Дін істері баскармасы «Дін маселелерін зерттеу орталығы» КММ нын теолог маманы Сейітхан Сымбат Ержанқызы, 
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қалалық «Психикалық денсаулық орталығының» Смагулов Бауыржан Сакович қатысуымен кездесу өткізілді. 
Кездесу барысында Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру. Есірткіні қолдану мен тасымалдаудағы Қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Зиянды әдеттерден сақтану ( вейп, снюс, алкогольдік ішімдік ішімдіктері, қор-қор мен синтетикалық есірткі т.б.). Жасөспірімдердың арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, теріс діни ағымдар мен секталарға ерудің алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. "Діни экстремизм мен терроризмнің және кереғар діни ағымдар мен секталардың адамзат өмірі мен болашағына қауіпі" дәріс оқу. Сталкинг туралы мәселелер көтеріліп, тұсіндірме жұмыстар жүргізлді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив