31
март
2026
Ата Заңға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Жаңа Конституция талқыланды
Еліміздің саяси өміріндегі тарихи белес – 15 наурызда бүкілхалықтық референдум негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын түсіндіру мақсатында мектебімізде маңызды іс-шара өтті.
9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған танымдық жиында Ата Заңға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды.
Шараның негізгі мақсаты:
Талқылау барысында оқушылар адам құқықтарын қорғау, билік тармақтарының тепе-теңдігі және халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндіктері туралы өз ойларын ортаға салды. Мектеп әкімшілігі мен тарих пәнінің мұғалімдері Жаңа Конституцияның Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңыздылығына тоқталып, жастарды ел болашағына бей-жай қарамауға шақырды.
Біздің мектептің оқушылары – еліміздің ертеңі, сондықтан осындай маңызды саяси қадамдарды зерделеу олардың тұлға ретінде қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.





