03
декабрь
2025
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, нашақорлық, әлімжеттіктің, зорлық -зомбылықтың алдын алу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-9 сынып оқушылары арасында Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Бекетаева Динара Дастановна кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, нашақорлық, әлімжеттіктің, зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіді.
Іс-шара барысында - құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылық, нашақорлық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, құқық қорғау органдары тарапынан берілетін заңдық көмектерге жүгіне алатындығы жайлы айтылып, түсіндірілді.

