Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
01
апрель
2026

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР❗

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР❗❗❗📢
🎓Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес маңызды өзгерісті хабарлайды:
📗1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі бірлесіп, 1-сыныпқа қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосуда.
🗓️ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
📆18 маусым – 31 тамыз
🗓️Құжаттар тек онлайн түрде 🖥️🌐EGOV «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады.
📌МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
✅Мектепалды даярлықтан өткен және
осы мектепте жалғастыруды қалаған балалар ата-ананың өтінішімен автоматты түрде қабылданады
✅Басқа мектепті таңдаған жағдайда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады
🗓️ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
 1) Өтініш (бекітілген үлгі бойынша)
 2) Баланың туу туралы куәлігі
 3) Ата-ананың жеке куәлігі
 4) Медициналық анықтамалар:
 №065/е – Иммундау паспорты
 №052-2/е – Бала денсаулығы паспорты
 5) 3×4 фотосурет
📌НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
✅Ата-аналардан құжаттарды уақытылы тапсыруды сұраймыз!
✅Барлық құжаттар талапқа сай және толық болуы қажет!
✅Қосымша ақпарат алу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив