06
сентябрь
2025
«Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы аясындағы іс-шара
«Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы аясындағы іс-шара
2025 жылдың 5 қыркүйек күні Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы 25 тамыз - 10 қыркүйек аралығында өтіп жатқан республикалық “Абайлаңыз, балалар!” акциясы аясында оқушылардың қатысуымен жол қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс-шара өтті.
Бұл шараға Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЮПБ инспекторлары: полиция аға лейтенанты Турлыбаев Мақсат Базарбаевич, полиция лейтенанты Куканчинова Манура Қайырбекқызы
- жолда жүру мәдениеті,
- жаяу жүргіншілерге арналған ережелер,
- жол белгілерінің маңызы,
- көліктегі қауіпсіздік белдігін тағудың қажеттілігі туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтар қойып, тәжірибелік тапсырмалар орындады.
Мақсат – балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Осындай профилактикалық жұмыстар оқушылардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, олардың тәртіпке, сақтыққа және жауапкершілікке үйренуіне ықпал етеді.




