06
сентябрь
2025
Нашақорлық, есірткіге жол жоқ!
АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!!!
Нашақорлық, есірткіге жол жоқ!
Шымкент ҚПД ҰҚҚҚКБ жедел уәкілі полиция капитаны Н.Боранбай, аға жедел үәкілі полиция майоры А.Сулейменов құқық қорғау органдарының жұмыс жоспарына сәйкес, оқушылар арасындағы құқықбұзушылық, нашақорлық, әлімжеттіктің, зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-10 сыныптарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты- жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, әлімжеттіктің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Іс-шара барысында - құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылық, нашақорлық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, құқық қорғау органдары тарапынан берілетін заңдық көмектерге жүгіне алатындығы жайлы айтылып, түсіндірілді.


