19
сентябрь
2025
Ас мәзірі
А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылында оқушыларға арнайы жабдықталған асханада толыққанды тамақтану ұйымдастырылған. Әр бала оқу күні бойы дұрыс және теңдестірілген тамақтану мүмкіндігіне ие болады. Тамақтану екі ауысымда — әдетте бұл бірінші ауысым үшін таңғы ас және екінші ауысым үшін түскі ас. Мәзір қалалық білім басқармасымен бекітіліп, Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларға қажетті дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдардан тұрады. Асханада тәжірибелі аспазшылар жұмыс істейді, олар жаңа әрі сапалы өнімдерден тағамдар дайындайды. Балаларға берілетін тамақ қалалық білім басқармасының бекіткен мәзіріне сай есептелген. Оқушылар асханаға кестеге сәйкес кезекпен кіреді. Тамақтану педагогтар мен медициналық қызметкерлердің бақылауынан өтеді, әр бала толыққанды рационы алатынына көз жеткізіледі. Асханада тамақты қабылдауға қолайлы және ыңғайлы жағдайлар жасалған. Ата-аналар мәзірмен алдын ала kundelik.kz сайтынан танысып, қажет болған жағдайда мектептің медициналық қызметкерімен кеңесе алалады.
Асхана бөлмелері тұрақты түрде санитарлық өңдеуден өтеді. Қызметкерлер міндетті түрде арнайы киім киіп, медициналық тексеруден өтіп, қол гигиенасын сақтайды. Өнімдер сапасы мен балғындығы мұқият тексеріледі. Тамақ өнімдерін сақтау және дайындау кезінде температуралық режимдер сақталады.






