Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
20
декабрь
2024

Қамқоршылық кеңес жиналысының шешімі

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21жалпы орта білім беретін мектебінде 20.12.2024 ж. «Қамқоршылық кеңесі» және Ата-аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. 
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Күн тәртібінде: 
1. 2024-2025 оқу жылының І жарты жылдықта игерілген қаржы туралы және атқарылған жұмыстар.
2. Асханадағы берілетін тамақтың сапасы, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар және ІІ жартыжылдықта АСП құжаттары туралы;
3. Тұран ауданы әкімдігі мен Президент шыршасына қатысатын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім оқушылардың құжаттарын жинақтау;
І. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Қ.Рахымбаева 2024-2025 оқу жылында игерілген қаржы, жаңа үлгіде жабдықталған кабинеттер, материалдық базалық толықтырулары туралы айтып өтті.
2.Бекітілген ас мәзірі мен мектеп асханасында берілетін тамақ,  бракераж комиссиясы және қанша оқушы тамақтанатындығы туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Гаипова баяндады.
ІІ. Әлеуметтік педагог Ұ.Әден мектептің әлеуметтік жағдайы туралы толық мағлұмат беріп, АСП құжаттары туралы айтып өтті. 
ІІІ. Тұмау, ОРВИ жәнк тері ауруларының көбеюіне байланысты бастауыш 1-4 сынып оқушыларының Жаңа жылдық ертеңгіліктері сыныптарда өткізу туралы.
IV. Білім алушылар арасында Жаңа жылдық ертеңгіліктері мен кештерінің өтілуі туралы бұйрық және өтілу кестесімен таныстырылды. Жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру  барысында техника және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кафе, тойханаларда тойлауға, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, аниматорларды жалдауға, сыйлыққа қаражат жинауға қатаң тыйым салынатындығы туралы педагог қызметкерлер мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі туралы айтылды.
Шешім:
1.2024-2025 оқу жылында І жарты жылдықта игерілген қаржы «қанағаттанарлық» деп табылсын
2.Еңбек қауіпсіздігі, жол ережелерін сақтай отырып, Жаңа жылдың мерекелер талапқа сай ұйымдастырылып өткізілсін.
3.Әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, көп балалы оқушылардың құжаттары заң талаптарына сай жинақталуы сынып жетекшілеріне, әлеуметтік педагог Ұ.Әденге міндеттелсін.
4.Мектепте барлық іс- шараларға ,кеңсе және шаруашылық заттарға, сыйлықтарға қаражат жинауға қатаң тыйым салынсын.
5. «Президенттік шыршаға» 2 оқушының жіберілуі  қамтамасыз етілсін.
6. Бастауыш 1-4 сынып оқушылары үшін Жаңа жылдық іс-шаралар сыныптарда өткізілсін.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив