Қамқоршылық кеңес жиналысының шешімі
1. 2021-2022 оқу жылының жоғарыда аты аталған 1-4 сынып 305 оқушылары және тұрмысы төмен 1-11 сынып 320 оқушыны ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың тізімі бекітілсін. Міндетті білім қорынан 625 білім алушы қоса тіркелді.
2. Ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға мектеп асханасынан тамақтану ұйымдастырылсын, тамақтануды ұйымдастыру жұмысының сапалы және жүйелі жүргізілуін бақылау, брокеражды комиссия құру, жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Гаипова.
3. Белгілі себептермен сабақты бос жіберіп ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген 1-11 сынып түрмысы томен отбасындан шыққан балалардың балалардың орнына резервке жоғарыдағы 10 бала қамтылсын және 1-4 сынып оқушылары сабақты бос жіберіп ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген балалардың қаржысы экономияға жіберуді қарастырылсын.
4. Тамақтың сапалылығын қадағалап, бақылауға алу жалға алушы және мектеп медбикесі
Ш.Мавланкуловаға тапсырылсын .
5. Ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға тамаққа берілетін түбіртектерді беру, мектеп асханасына кестеге сәйкес баруын, уақытылы тамақтануын қадағалау, сыныптық есеп журналын жүргізу 1-11 сынып жетекшілеріне және отбасылардың, балалардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын бақылау, тамаққа берілетін түбіртектерді тарату, тамақтану табелін кестеге сәйкес білім беретін мектеп есеп бөліміне тапсыруға жауапты әлеуметтік педагог Н.Ю.Ташпулатова.
6. Әр аптада ыстық тамақ сапасы, оқушыларға талапқа сайберілуін қадағалау үшін ата-аналар, ата-ана комитетінің мүшелері, қамқоршылық кеңес мүшелері арасынан комиссия құрамы бекітіліп, зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырылсын