23
декабрь
2023
«Қамқоршылық кеңесінің»
А.П.Чехов атындағы №21жалпы орта білім беретін мектебінде 23.12.2023ж «Қамқоршылық кеңесінің» кезекті отырысы өтті.


Күн тәртібінде:
1. 2023-2024 оқу жылының І жарты жылдықта игерілген қаржы туралы;
2. Асханадағы берілетін тамақтың сапасы, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы;
3. Тұран ауданы әкімдігі мен Президент шыршасына қатысатын әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жетім, жартылай жетім оқушылардың құжаттарын жинақтау;
І. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директоры Қ.Рахымбаева 2023-2024 оқу жылында игерілген қаржы, жаңа үлгіде жабдықталған кабинеттер, материалдық базалық толықтырулары туралы айтып өтті.
2.Бекітілген ас мәзірі мен мектеп асханасында берілетін тамақ, бракераж комиссиясы және қанша оқушы тамақтанатындығы туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Гаипова баяндады.
ІІ. Әлеуметтік педагог Н.Ташпулатова мектептің әлеуметтік жағдайы туралы толық мағлұмат беріп өтті. Атап айтсақ, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепішілік профилактикалық есепке алынған оқушы саны -2, аз қамытылған отбасылар-82, көп балалы отбасылар -418, өгей анамен тұратын оқушы -3, өгей әкемен тұратын-4, жетім , ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-3, мүмкіндігі шектеулі балалар -23.
ІІІ. Білім алушылар арасында Жаңа жылдық ертеңгіліктері мен кештерінің өтілуі туралы бұйрық және өтілу кестесімен таныстырылды. Жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру барысында техника және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кафе, тойханаларда тойлауға, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, аниматорларды жалдауға, сыйлыққа қаражат жинауға қатаң тыйым салынатындығы туралы педагог қызметкерлер мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі туралы айтылды.
Шешім:
1.2023-2024 оқу жылында І жарты жылдықта игерілген қаржы «қанағаттанарлық» деп табылсын
2.Еңбек қауіпсіздігі, жол ережелерін сақтай отырып, Жаңа жылдың мерекелер талапқа сай ұйымдастырылып өткізілсін.
3.Әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, жартылай жетім, көп балалы оқушылардың құжаттары заң талаптарына сай жинақталуы сынып жетекшілеріне, әлеуметтік педагог Н.Ташпулатоваға міндеттелсін.
4.Мектепте барлық іс- шараларға ,кеңсе және шаруашылық заттарға, сыйлықтарға қаражат жинауға қатаң тыйым салынсын.
5. «Президенттік шыршаға» 3 оқушының жіберілуі қамтамасыз етілсін.


