Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
06
январь
2026

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңестің шешімі

1. "Міндетті білім" қорынана бөлінген қаржы шығысынан төменде көрсетілген 96 аз қамтылған отбасынан шыққан 5-11 сынып оқушылары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығы бойынша барлық 1-4 бастауыш сынып оқушыларыыстық тамақпен 08.01.2026ж-25.05.2026ж аралығында қамтылсын.
2. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың кесте бойынша тамақтануын қадағалау сынып жетекшілеріне жүктелсін.
3. Мектеп асханасында кезекшілік ұйымдастыру ДТІЖО У.А.Абдувалиеваға жүктелсін.
4. Тізімге ұсынылған аз қамтылған отбасынан шыққан, мәртебеге ие 5-11 сынып оқушыларының құжаттарын рәсімдеу, тізімін жасау тамақтану "Е-Асхана" жүйесімен қамтамасыз ету әлеуметтік педагог Ұ.Қ.Әденге жүктелсін.
5. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін бастауыш сынып оқушыларының тізімін, бастауыш сынып оқушыларының тамақтану кестесін жасау әлеуметтік педагог Ұ.ҚӘденге жүктелсін.
6. Жас ерекшеліктеріне байланысты қаржы аударымдарын жүргізу мектеп есепшісі Т.Сыдыковаға жүктелсін.
7. Ыстық тамақтың ұйымдастырылуын, ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттарының мемлекеттік қызметке сай рәсімделуін қадағалау, ҰБДҚ-на тіркеу ДОІЖО Ж.А.Гаиповаға жүктелсін