08
январь
2024
Қамқоршылық кеңес
Қабылдаған қаулы
- «Міндетті білім» қорынан бөлінген қаржы шығысынан төменде көрсетілген 320 аз қамтылған отбасынан шыққан 1-11 сынып оқушылары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы бойынша барлық 1-4 бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен 08.01.- 25. 05. 2024ж аралығында қамтылсын. (тізім қосымша тіркелді)
- Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың кесте бойынша тамақтануын қадағалау сынып жетекшілеріне жүктелсін.
- Мектеп асханасында кезекшілік ұйымдастыру ДТІЖО У.А.Абдувалиева жүктелсін.
- Тізімге ұсынылған аз қамтылған отбасынан шыққан, мәртебеге ие 5-11 сынып оқушыларының құжаттарын рәсімдеу, тізімін жасау тамақтану талондарымен қамтамасыз ету әлеуметтік педагог Н.Ю.Ташпулатоваға жүктелсін.
- Ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін бастауыш сынып оқушыларының тізімін, бастауыш сынып оқушыларының тамақтану кестесін жасау әлеуметтік педагог Н.Ю.Ташпулатоваға жүктелсін.
- Жас ерекшеліктеріне байланысты қаржы аударымдарын жүргізу мектеп бас есепшісі К.Касымбекке жүктелсін.
- Ыстық тамақтың ұйымдастырылуын, ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың құжаттарының мемлекеттік қызметке сай рәсімделуін қадағалау, ҰБДҚ-на тіркеу ДОІЖО орынбасары Ж.А.Гаиповаға жүктелсін.