18
июнь
2025
"Түлек-2025: Қош бол, алтын ұя мектебім!
Аттестат тапсыру кеші – бұл әрбір мектеп түлегі үшін жүрек тебірентер, толқу мен қуанышқа толы ерекше күн. Бұл – балалық шақпен, қимас мектеппен қоштасып, үлкен өмірге батыл қадам басатын сәт. Ұстаздардың ақ батасы, ата-ананың ақ тілегі мен достардың жан жылуы бұл кешті ұмытылмас естелікке айналдырды.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінің 2024-2025 оқу жылында 26 түлек бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды.
Олардың ішінен 2 түлек үздік аттестатпен марапатталды.
Мерекелік іс-шарада мектепішілік қамқоршылық кеңес төрағасы И.И.Алимкулов, орынбасары А А.Разакбердиев, қалалық ІІМ ардагерлер кеңесі И.Т.Минаваров және ата-аналар қатысты.
Мектеп директоры Рахымбаева Қатира Джумакуловна мен келген қонақтар түлектерге жүрекжарды тілегін арнап, өмір жолдарында табыс пен биік белестер тіледі.
Бұл кеш – қоштасу мен жаңа бастаманың алтын көпірі. Алда – жаңа белестер, тың мүмкіндіктер!
Ақ жол, жас түлек! Арманыңа жет, жолың болсын!
Сәтті сапар!!!



