Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
27
август
2025

БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

БІРЫҢҒАЙ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
       Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Сүлейменованың төрағалығымен ағымдағы жылдың 26 тамыз күні «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында бірыңғай қалалық педагогикалық кеңес өтті.
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы педагогикалық кеңеске онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы бір нүктеден қосылып, қатысты.
     Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылының негізгі міндеттері айқындалды:
✅ оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
✅ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы;
✅ жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу;
✅ педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы сияқты маңызды мәселелер талқыланды. 
Қалалық педагогикалық кеңесте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова педагогикалық кеңесте айтылған шешім барлық білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңестерінде талқыланып, жұмыс жоспарына енгізілсін деп қаулы етті.
      Сонымен қатар педагогикалық кеңесті қорытындылаған басқарма басшысы ұстаздарға нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
   Екінші бөлімі  мектептің педагогикалық кеңес отырысымен жалғасты.
 Күн тәртібінде:
✅ 2024–2025 оқу жылының қорытындысы, жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстыру.
✅ Тәрбие жұмысының міндеттері мен бағыттары (2025–2026ж).
✅ Ыстық тамақ ұйымдастыру мәселесі.
✅ Білім сапасын көтеру жолдары 
✅ Мектептің ішкі тәртіп ережесі, еңбек қауіпсіздігі шаралары.
✅ Жаңа оқу жылына мұғалімдер мен қосымша жұмыс істейтін қызметкерлердің сағат жүктемелерін бекіту.
✅2025–2026 оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз ету 
✅Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
✅Әдеп кеңесі мен профилактикалық кеңес құрамын бекіту.
✅ Жалпыға бірдей білім беру 
✅ 1-сыныптарды мектепке қабылдау туралы.
    Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, қаулы қабылданды. 
 Жаңа 2025–2026 оқу жылы табысты басталып, ұстаздарымызға шығармашылық шабыт, оқушыларымызға зор жетістік әкелсін!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив