01
октябрь
2025
ата-аналарға оқу процесін ұйымдастыруоқу жоспарларына сәйкес қатаң жүргізілетіндігі туралы нақты ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жолданған N17-23-03-21/1197 30.09.2025 хаты негізінде Шымкент қаласындағы кейбір мектептерде бейнелеу өнері, еңбекке баулу және басқа да пәндердің орнына білім алушылардың білім жетістіктеріне жүргізілетін мониторингке (ББЖМ) дайындық жұмыстары өтіп жатқандығы туралы назарға алынды.Осы хаттың негізінде ағымдағы білім беру стандартының талаптарына сәйкес,мектебімізде барлық нормативтік талаптар толық орындалып жатқандығын хабарлаймыз. Бейнелеу өнері, еңбек, дене шынықтыру сабақтары бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде өткізілуде.Аталған сабақтар тестілуге дайындықпен немесе басқа да қосымша сабақтар негізінде ауыстырылмайды. Осы орайда, хатты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын қатаң сақтап, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабы 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылу туралы заңын негізге ала отырып, ата-аналарға оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен типтік оқу жоспарларына сәйкес қатаң жүргізілетіндігі туралы нақты ақпарат берілді.






