Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
20
январь
2023

“ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ” 20.01.2023ж

Қосымша білім беру оқу салалық орталығының хатына сәйкес, Қазақстан  Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңының 10, 26-баптарын басшылыққа ала отырып, электронды темекілердің жасөспірімдердің пайдалануының алдын алу мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
1. Жоғары сынып оқушыларына электронды темекінің зияны туралы бейнероликтер көрсетілді.
2. Оқушылармен бірге ашық сұхбаттар ұйымдастырылды.
3. Ата-аналармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
    Электронды темекі денсаулыққа зиян жеткізетін қауіпті зат. Бұл жайында нақты дәлелдер келтірер болсақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі шегу салдарынан әлемде 8 млн адам қаза табады, соның ішінде 7 млн-ы темекі шегетін немесе бұрын тастап кеткендер. Ал темекі түтініне булыққандар саны-1,2 млн. Кейбірі электронды темекіні жай темекіден арылу мақсатында қолданады. Дегенмен мамандардың пікірінше, бұл жалған ақпарат. Себебі Лондондағы шылымның денсаулыққа әсерін зерттейтін орталықтың маманы Амонда Сэрфордтың айтуынша, электронды темекі құрамында никотин бар. Ал никотин адамды шылымға үйір қылады. Шылым түтінінің өкпеге тартқанда денсаулық одан көбірек зиян шегеді. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді. Бұған  дәлел ретінде, Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекіден немесе вейптардан шығатын бу өкпе тінін бұзатынын айтады. Тіпті никотин қосылмаған
құрылғының өзі де адам ағзасына аса зиян.