23
февраль
2026
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектептің педагог- психологы З.Касимова 25.02-27.02.2026 жыл аралығында "Психологиялық денсаулық апталығы" өтуіне байланысты 2 сынып оқушыларымен «Жақсылық және бір-бірімізге деген мейірімді қарым -қатынас тақырыбында тренингі жүргізілді.
Мақсаты. Тренингтің негізгі мақсаты – қатысушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту, жақсылықтың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, қатысушыларды бір-біріне құрметпен, ізгі ниетпен қарауға тәрбиелеу.Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу дағдыларын жетілдіру, күнделікті өмірде мейірімді әрекеттер жасауға ынталандыру, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту.










