02
март
2026
«Жақсы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №21 А.П.Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің Психологиялық денсаулық апталығының аясында педагог-психолог З. Касимова 7-8 сынып оқушыларына өзгенің шекарасына құрметпен қарау, конфликтіні шешу жолдарын үйрету, психологиялық денсаулықтарына қамқор болуға шақыру мақсатында «Жақсы қарым-қатынас» тақырыбында тренинг жүргізді.
Іс-шара барысында «Қарым-қатынас айнасы» тақырыбында баяндама оқылып, «Жасырын позиция», «Қолдау қабырғасы» жаттығулары жүргізілді,«Мен саған айтамын,сен маған жаз» жаттығуы арқылы кері байланыс орнатылды.
Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, жағымды психологиялық ахуал орнады.



