Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » “Мектебім, саған мың алғыс!” атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын
23
май
2025

“Мектебім, саған мың алғыс!” атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын

Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебімізде ерекше толқыныс пен шаттыққа толы “Мектебім, саған мың алғыс!” атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 
Бұл күн – әрбір жас түлек үшін бала шақтан болашаққа бастар маңызды қадам, жүректе мәңгі сақталатын естелікке айналған айтулы сәт.
Соңғы қоңырау – мектеппен, ұстазбен, партадағы сәттермен қоштасудың белгісі ғана емес, бұл – үмітке, армандарға толы жаңа өмірдің бастау сәті. Қоңырау үнімен бірге балалық артта қалып, өмір жолының жаңа беті ашылды.
 Салтанатты жиынды мектебіміздің директоры Рахымбаева Катира  Джумакуловна ашып, түлектерге тілегін білдірді.
Кештің қадірлі қонақтары да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын арнады:
 Тастемир Болатбек Куанышбекұлы – Шымкент қаласы Тұран ауданы прокуратурасының прокуроры;
 Қамқоршылық кеңес төрағасы Алимкулов Илхам , мүшелері Санджарова Клара, әрдегер ұстаз Мусаева Озодахон 
 Тебіреніске толы осы кеште түлектер де шын жүректен шыққан ән-жырларын, ұстаздарына деген алғыс пен мектепке деген сағынышқа толы лебіздерін арнады. Соңғы қоңырау – әр түлектің жүрегінде өмір бойы сақталатын, көзге жас, жүрекке от ұялататын әсерлі естелік.
Түлектерімізге сәт сапар, асқақ армандар мен жарқын болашақ тілейміз!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив