Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
14
март
2025

Көрісу күні

Көрісу күні – жүректерді жақындататын күн!
 14 наурыз – жәй ғана күн емес, бұл – ағайынның бір-бірімен жүздесіп, үлкендерге сәлем беріп, өткенге салауат айтып, болашаққа үмітпен қарайтын күн. Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халық бір-бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектерін жаудырады. Бұл – тек қазақ халқына ғана тән ерекше дәстүр, нағыз бірліктің, татулықтың, сыйластықтың белгісі! Бұл күні реніштер ұмытылып, барша жан кешірімділік пен мейірімділікке бөленеді. Көрісу күні тек жақсылықтармен есте қалсын! Әр үйге шаттық пен береке, әр жүрекке жылулық пен қуаныш тілейміз!Осы берекелі күн баршамызға жақсылық, ырыс-несібе, мол табыс әкелсін!
 Әр шаңырақ шаттыққа бөленіп, төрімізден ырыс пен ынтымақ кетпесін! 
 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив