01
июнь
2025
1 маусым – Балаларды қорғау күні
2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 11:00-де Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі “1 маусым – Балаларды қорғау күніне” орай Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері, суретші-кескіндемешілер Бейбіт Нарынбекұлы мен Равиль Абдуловтың қатысуымен оқушыларға арналған шеберлік сабағын ұйымдастырылды. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, музей директоры салтанатты түрде ашып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Шеберлік сабақтың басты мақсаты – оқушыларды бейнелеу өнерінің қыр-сырымен тереңірек таныстыру, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағыт-бағдар беру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.
Іс-шара соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшілерге музей атынан алғыс хаттар табысталды. Марапаттау рәсіміне музейдің бөлім меңгерушісі Бекталиева Рыскүл Іскендірқызы қатысып, жас суретшілерге шығармашылық табыс тіледі.
Ендеше барлық балаларды мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!










