09
декабрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында , кітап оқуды насихаттау, оқушыларды келешекте білімді адам болуға ынталандыру
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында , кітап оқуды насихаттау, оқушыларды келешекте білімді адам болуға ынталандыру мақсатында 7.12.2022ж директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өзбек тілі және әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдері, мектеп кітапханасы меңгерушісінің ұйымдастыруымен « Онажоним -шеърият» тақырыбында 6-10 сынып оқушыларының қатысуымен жергілікті ақындармен кездесу өткізілд. Кездесуге Қазақстан Республикасы журналисттер одағының мүшесі, «Дўстлик», «Арғымақ» медальдар иегері ақын Эркинай Султанова, Халықаралық «Миртемир», «Дўстлик » медальдарының иегері, ақын -аудармашы Робия Дустанова, «Алтынсарын», «Ижодкор устоз», «Дўстлик», «Үздік жетекші» медальдар иегері, ақын, өнерпаз Ирода Мухамеджанова және ақын - қоғам қайреткері Курвонай Баходирова қатысты.
Іс – шараны мектеп директоры Қ.Рахымбаева алғашқы сөзімен ашып беріп, кездесу қатысушыларына жақсы көніл күй мен сәттілік тіледі.Кездесу жоғары дәрежеде өтті. Ақындар өз шығармашылық жолы, өмірбаяндары туралы айтып, шығармаларынан оқып берді.
Сауал - жауап кезеңінде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Оқушылар ақындардың өлеңдерін айтып, би билеп өздерінің өнерлерін көрсетті.
Ұйымдастырылған іс шараның пайдасы мол болатынына, келешекте тағыда осындай кездесулер
көп өтетіне сенімдіміз.










