08
ноябрь
2023
Қазақстан ұстаздарының қауымдастық аясында республикалық және халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу мақсатында ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу үшін өткен жиынға
01.11.2023ж күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен Қазақстан ұстаздарының қауымдастық аясында республикалық және халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу мақсатында ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибе алмасу арқылы ой бөлісу үшін өткен жиынға №21 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Нуржанова Улту Фазильбековна қатысып, Қазақстан ұстаздар қауымдастығы арасында іс-тәжірибесімен бөлісіп келді. Қазақстанның әр өңірлерінен келген ұстаздар қауымы білім беру саласындағы кедергілерді жоя отырып, олқылықтардың орнын толықтыру , т.б. мәселелер жөнінде жасалып жатқан жұмыстармен танысып, Ғани Бектайұлының бастамаларының табысты болуына шын жүректен тілек білдірді.Министрдің басшылығымен өткен Республикалық ғылыми- практикалық конференция шетел педагогтарымен тәжірибелер алмасуды дамыту туралы шешім қабылданғанын жеткізді.
Мақсаты: Қазақстан ұстаздарының қауымдастық аясында Республикалық және Халықаралық конференциялар арқылы кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына жол ашу.Ғани Бектайұлының жүрегінің кеңдігіне,менің 500000 мұғалімім бар,3900000 балам бар деп атап өткен қарапайымдылығына тәнті болғанын айтты.Осындай ауқымды маңызы бар іс- шараға барып министр Ғани Бектайұлымен кездесу ұйымдастырған Білім министрлігіне, ҚББ басшысы Нұргүл Ақылбекқызына,үлкен жауапкершілікті тапсыра алғаны үшін мектеп басшысы Рахымбаева Қатира Жұмағұлқызына да шексіз алғысын білдірді.Қарапайымдылық, шынайылық , жылуарлық жүздерінен төгіліп тұрған азаматтардан Еліміздің білім саласында көптеген өзгерістер жасалатындығына сенімартатынын әсерлене жеткізді.



