Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ"
17
сентябрь
2025

"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ"

"ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" 
  Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы  №21 жалпы орта білім беретін мектебінде  Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Бекетаева Динара  Дастановна мұғалімдер және оқушылар арасында "ЗАМАНАУИ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.
 Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді, бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндірді.
Сонымен қатар, sms хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды, телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайтыны оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға түсіндірілді. Мұндай телефон қоңыраулар түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға хабарлау керек екені ескертілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив