02
октябрь
2025
"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" және "ДРОППЕР ДЕГЕН КІМ?"
"ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" және "ДРОППЕР ДЕГЕН КІМ?"
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Бекетаева Динара Дастановна мұғалімдер және оқушылар арасында "ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ" және "ДРОППЕР ДЕГЕН КІМ?" тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді, бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндірді.
Сонымен қатар, sms хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды, телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайтыны түсіндірілді. Мұндай телефон қоңыраулар түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға 102 ге хабарлау керек екені ескертілді.


