20
март
2026
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебімізде «Ұлттық ойындар керуені» атты бірыңғай республикалық акция өткізілді. Бұл күн-ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жаңартып ұлттық ойындардың маңызын дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық ойындар арқылы біз тарихымызды ұрпақ санасына сіңіреміз. Ұлттық ойындар- тек көңіл көтеру емес, бұл ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық кодтың көрінісі.





