26
май
2025
"Жарқын жаз" лагері де өз жұмысын бастады
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 26 мамыр күні жаздың шуақты күндерімен бірге мектеп жанындағы "Жарқын жаз" лагері де өз жұмысын бастады. Алаңның ашылуына арналған салтанатты жиынға 1-6 сынып оқушылары қатысып ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салып, іс-шара көңілді өтті,
Алаңының алғашқы күні төмендегі жоспарға сай өткізілді.
1. "Қош келдің, балақай!" ұранымен "Жарқын жаз" мектеп жанындағы жазғы алаңшаның ашылу салтанаты.
2. "Түрлі-түсті арман" асфальтта сурет салу
Мақсаты: "Жарқын жаз" лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт - дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік-патриоттық сезімін арттыру.
Жұмыстар кезеңімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.



