27
январь
2026
«Ырыс алды-ынтымақ» «Ұлтаралық татулық » және «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ырыс алды-ынтымақ» «Ұлтаралық татулық » және «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» тақырыптарында оқушылармен мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алдын алу, нашақорлыққа , суицидке жол бермеу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, сондай, ақ кереғар діни ағымдар мен сектарлардың зиянды іс-әрекеттері жөніндегі жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге №18 Олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлан Шабданбекұлы, дзюдо бөлімінің әдіскері Барбанов Бақытжан, дзюдо бөлімінің спортшысы, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат (ҚР СШК) Абибулла Ерасыл, жаттықтырушысы Сейдуалы Бағдат қатысып, оқушылармен еркін форматта пікір алмасты. Кездесу барысында жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстану, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік туралы құнды ақпарат беріліп, көкейдегі сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.











