09
октябрь
2025
«Кактус» әдістемесі
Шымкент қаласы А. П. Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің психологы З.Касимова 3-сынып оқушылары арасында
«Кактус» әдістемесін жүргізді.
Бұл әдіс оқушыларының эмоционалды күйін анықтауға арналған тиімді психологиялық тәсіл.
Оқушыға кактустың суретін салу ұсынылады. Суреттегі бөлшектер, сызықтар, тікенектердің саны мен орналасуы баланың ішкі эмоционалды жағдайы, қарым-қатынас ерекшелігі және мінезіндегі белсенділік деңгейі туралы маңызды ақпарат береді.
• оқушылардың психологиялық жай-күйін бақылау;
• эмоционалды тұрақтылық деңгейін анықтау;
• сыныптағы қарым-қатынас мәдениетін бағалау;
• мазасыздық пен агрессия белгілерін ерте анықтау.
Балаларға өз көңіл-күйін comoфортты түрде қағазға түсіруге мүмкіндік берілді. Әр бала өз қиялы бойынша кактус салды. Суреттер талданып, әр оқушының жеке эмоциялық ерекшеліктері ескерілді.
Әдістеме қорытындысы оқушылардың жалпы эмоционалды климаты тұрақты екенін көрсетті.
«Кактус» әдісі – балалардың жасырын эмоцияларын анықтап, дер кезінде психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін қарапайым әрі тиімді құрал. 3-сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыс сыныптағы ахуалды жақсартуға, балалардың өзін-өзі тануына оң әсер етті.

