21
ноябрь
2025
"Әлеуметтік медиа және оның ықпалы"
Әлеуметтік медиа және оның ықпалы
18.11-20.11.2025ж
Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша 11-сынып оқушыларымен "Әлеуметтік медиа және оның ықпалы" тақырыбында ашық кеңес, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қазіргі цифрлық дәуірде әлеуметтік медиа жастардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол ақпарат алмасуға, өз ойын еркін жеткізуге, шығармашылықпен бөлісуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дұрыс қолданылған жағдайда – білім алуға, тұлғалық дамуға және пайдалы дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.
Алайда әлеуметтік медианың кері әсерлері де бар: уақытты тиімсіз пайдалану, жалған ақпаратқа сену, интернет-тәуелділік, негативті пікірлер арқылы психологиялық күйге әсер ету сияқты қауіптер байқалады.
Білім алушылар әлеуметтік медианың мүмкіндіктерін және теріс жақтары туралы кеңінен айтты.
Сондықтан әлеуметтік медианы саналы пайдалану, ақпаратты сүзгіден өткізу, онлайн кеңістікте қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір жасқа маңызды дағды.


