Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
10
октябрь
2025

«Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін  мектептің  кітапхана меңгерушісі Г.Абдурахманова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Б.Молдашева  7  А сынып оқушылары мен  ОБКЖ-нің №1 кітапхана бөлімшесінде  ұйымдастырылған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты тақырыптық сағатқа  қатысты. 
     Мақсаты: Оқушыларды есірткіге тәуелділік қаупінен қорғау, олардың денсаулығын, өмірін және болашағын сақтау, есірткінің таралуын тоқтату, оның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
    Іс-шарада балаларға есірткі тек бір адамның өмірін емес, бүкіл қоғамның болашағына қауіп төндіретіні туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар есірткінің адам денсаулығы мен қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру мақсатында психолог, психотерапевт, химиялық және ойынға тәуелділік бойынша аддиктолог Қалдыбеков Нұрсұлтан Асқарұлы мен Шымкент ҚПД Тұран АПБ ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Тұрсынқұл Арман  қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында сұрақ-жауап айдары жүргізілді.
    Оқушылар есірткіге тәуелділік адамды рухани жағынан әлсіретіп, денесін улап, өмірін құрдымға жетелейтін ауыр дерт екенін түсінді

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив