Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «Желтоқсан – еркіндік бастауы» тәрбие сағаты
13
декабрь
2025

«Желтоқсан – еркіндік бастауы» тәрбие сағаты

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 “Ә” сыныбы «Желтоқсан – еркіндік бастауы» атты жүрекке әсерлі тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізді. Оқушылар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының маңызын терең түсініп, ерлік пен тәуелсіздік құндылықтарын ерекше құрметпен жеткізе білді.
Сынып оқушылары дайындаған көріністер, арнаулар, өлеңдер мен тарихи баяндаулар – бәрі шынайы әсер сыйлады. Жастардың ерлігіне тағзым етіп, Желтоқсан қаһармандарының рухын ұлықтаған бұл шара балалардың отансүйгіштік сезімін арттырды.
Оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, бірлікпен дайындығына қуанып, олардың рухани тәрбиесіне мән беріп жүргеніне шын жүректен риза болдық.
Тәуелсіздік — ең қымбат құндылығымыз, ал оны құрметтеу — бүгінгі ұрпақтың парызы.
Жарайсыңдар, 8 “Ә”! 🌟
Еркіндік рухын жүректерінде сақтай білген саналы ұрпақ бола беріңдер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив