24
декабрь
2025
«Ерлік- елдің қасиеті, Жүректілік- жігіттің қасиеті» тақырыбында 7 “Д” сынып оқушыларымен библиографиялық шолу
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында қазақ халқының рухын көтерген ерекше тұлға, батыл әрі дана жауынгер, «Халық қаһарманы» атағының иегері, жазүшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай мектеп кітапхана меңгерушісі Г.Абдурахманова «Ерлік- елдің қасиеті, Жүректілік- жігіттің қасиеті» тақырыбында 7 “Д” сынып оқушыларымен библиографиялық шолу ұйымдастырып өткізді. Кітапханашы оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы ақпарат беріп, шолу жасады. Бүгінгі күні елдің қорғаны болатын саналы, білімді, батыл ұрпақ тәрбиелеуде Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі мен мұралары ерекше орын алады. Ұлт тарихында өшпес із қалдырған ердің есімі әрдайым құрметпен аталып, болашақ ұрпақ санасында жаңғыра бермек.

