Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
22
сентябрь
2021

Мұғалім - мамандық, ұстаздық - қасиет

Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі Қазақстанның болашағы - мектептен басталады.Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.
      «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», – деп ұлы Абай айтқандай,шәкірттеріне оқытып қана қоймай, оларға өмірлік сабақтар беріп, шын мәнінде ұстаз бола алатын осы бір мәртебелі мамандық иесінің бірі- Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі,тарих магистрі, педагог-шебер   Есбол Асылбеков.
      Өз ісінің кәсіби маманы ,білікті педагог ретінде қалалық әріптестеріне жақсы таныс. Ол өз еңбек жолында шәкірттерге білім беруде заманауи әдіс –тәсілдерді қолданып,оны үздіксіз жетілдіріп отыратын жаңашыл ұстаз.
      Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ», – дейді Ахмет Байтұрсынов. Сабақты жаңа технологиялармен ұштастырып өтудің нәтижесінде оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы артып,тарих пәні олардың асыға күтетін сабағына айналды.
Ұстаздың « Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тарих пәнін оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы қабілетін арттыру» атты әдістемелік- көмекші құралы, тарих пәнінен «Ежелгі заманғы Қазақстан» бөлімі бойынша 5-сыныпқа арналған тапсырмалар-атты оқу әдістемелік жинағына қалалық әріптестері оң пікірлер білдіруде .
Ұстаздық  пен ғылыми ізденісті жолды қатар алып жүрген Есбол Асылбекұлының ғылыми ізденіс жұмыстары Халықаралық, Республикалық конференция жинақтарына басылып, баяндамалары еліміздің тарихшы ғалымдары тарапынан жоғары бағаланып жүр .
      Есбол Сенбекұлы жан-жақты ізденімпаздығы арқасында оқушыларға білім дарытып,нәтижесінде оқушылары қалалық, республикалық сайыстарда үздіктер қатарынан көрінуде.Оқушылары аудандық, қалалық пән олимпиадаларына қатысқан, жүлделі орын иегерлері. Елеулі еңбектері үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректарының Алғыс хатымен , БҒМ Мемлекет тарихы институтының, қалалық білім басқармасының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, сондай–ақ пәндік олимпиадалардың Алғыс хат және І,ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталған.