13
декабрь
2025
«Қаламы балалықтан сыр шерткен»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында, Шымкент қаласы ОБКЖ-ң №1 кітапхана бөлімшесімен 2025-2026 оқу жылына арналған бірлескен іс –шаралар жоспары негізінде Қазақ балалар әдебиетінің өкілі Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру. Оқушылардың поэзияға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Қаламы балалықтан сыр шерткен» тақырыбында өлеңдерін мәнерлеп оқу іс- шарасы 5 “А” сынып оқушыларымен ұйымдастырып өткізді. Іс- шара кезінде оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.



