17
декабрь
2025
"Қазақстан өзбектері ЭМБ ДУСТЛИК қауымдастығына 30 жыл"
ҚХА мен «Достық» қауымдастығының 30 жылдығы аясында мерекелік шара өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан өзбектері «Дўстлик» қауымдастығының 30 жылдығына арналған іс-шара Шымкент қаласындағы Жұмабек Ташенов атындағы университетте «Бір өлен, бір сахна» атты мерекелік кеш форматында өтті. Университет өқушылары өлең оқып, сахна көріністерін көрсетті.
Іс-шара аясында қауымдастықтың белсенді мүшелеріне «30 жыл – Достық керуенінде» тарихи кітабы және «Дустлик қауымдастығына 30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды.
Іс-шара өзбек этносының тілі, мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеу, сондай-ақ этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатын көздеді.
Белсенділер қатарында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Н.С.Юлдашева "Қазақстан өзбектері ЭМБ ДУСТЛИК қауымдастығына 30 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
Марапат құтты болсын!


