Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » "ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА"
07
октябрь
2023

"ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС, ҮЙРЕТУДЕН БАЛАҒА"

Мектептің  тарих пәнінің мұғалімі , шебер ұстаз, өз пәнінің қас шебері ұжым арасында беделі асқан, айырықша орны бар мұғалім,адами құндылықтары жоғары
Ұстаз Асылбеков Есбол  Сембекұлы Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі тарапынан "Орта білім беру ісінің үздігі"Құрмет дипломымен марапатталынды. Құрмет дипломында " Тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процесстерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі , оқыту мен тәрбиелеудің 
біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін "  Министр
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВТЫҢ  керемет игі лебізімен жазылған. Еңбегімізді елегеніңіз үшін алғысымыз шексіз Сіздерге! Мұғалімді осындай қошеметпен , құрметпен ұстаздардың ұстазы , білім саласының майталманы, ардагер ұстаз  Сайлаукүл Барахова  керемет құттықтауы арқылы  ұстазымыз  Асылбеков  Есбол Сембекұлына  құрмет дипломын табыстады.
 Ұстаз Асылбеков Есбол  Сембекұлы  Еліміздің патриот азаматтарының бірі, мықты маман, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды, аяулы жар, жақсы әке, отбасының ұйытқысы, оқушыларын талай олимпиада, конкурс, сайыстарға , ғылыми жобаларға қатыстырып мақтау қағаздармен, жүлделі орындарға иелендірген мақтаулы мұғалім.
 Алдағы мақсаты Халықаралық, . Республикалық дәрежеде  оқушыларының  жетістігіне тоқтап қалмай іздену, білімділігі арқылы айырықша көрсету. 
 Ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Асылбеков Есбол Сембекұлына !!! Мықты денсаулық, қажырлық пен қайраттылық,шаңырағына шаттық, отбасында бақыттылық,жұмысында шығармашылық табыстар тілейміз!
Ұстаздар мерекесі құтты болсын!  Мектебіміздің әр бір мұғаліміне үлгі боларлық айырықша іс.  Әр бір ұстаздарымыз осындай   талмай жасаған еңбек арқасында  жетістік нәтижесін шығара алатындығына сеніміміз мол!  Біз біргеміз! Абырой асқақ, зейінділік, ізденімпаздық тілейміз!!!
https://scontent.fala4-3.fna.fbcdn.net/v/t42.1790-2/385584451_300671689350474_4538187250528253560_n.mp4?_nc_cat=109&ccb=1-7&_nc_sid=55d0d3&efg=eyJybHIiOjU1OCwicmxhIjo1MTIsInZlbmNvZGVfdGFnIjoic3ZlX3NkIn0%3D&_nc_ohc=DA9pNzYk4jEAX8AcbdM&rl=558&vabr=310&_nc_ht=scontent.fala4-3.fna&oh=00_AfCUY2otjycCShRogDeHh27xkXr0_M7YwDPc9-iC9QeVJA&oe=657F68B5
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив