16
февраль
2026
«Ауғанның от жалыны» тақырыбында кітап көрмесі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 15 ақпан - Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарылған күніне арнап «Ауғанның от жалыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмемен мектеп ұжымы, оқушылар қызыға танысты. Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі – болашақ ұрпақ үшін нағыз патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Бұл күннің басты сабағы – бейбітшілікті бағалау және тарихымызды ұмытпау.





