13
декабрь
2025
«Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арнап , «Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Кітап көрмесімен оқушылар қызыға отырып танысты. Көрмеден Қазақстан Республикасының тарихы, мемлекеттік рәміздері, табиғаты, әлемдегі орны, ынтымақтастықта тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері туралы көп мағлұматтар алды. Өз Отанының болашағы үшін қызмет етуге және елдің нағыз патриоты болуға ант етті.









