13
декабрь
2025
"БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні "БІРТҰТАС ЕЛ-БІРТҰТАС ЖЕР-ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ" тақырыбында жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, зиялылыққа, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу, патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында "Ерлік сабағы" ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге төмендегі қонақтар қатысты:
1. Акжигитов Альмир Кажибаевич -"Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Интернационалист-жауынгер" медальдарының иегері.
2. Давыдов Владимир Викторович -"Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Интернационалист-жауынгер" медальдарының иегері.
3. Оспанова Гүлмира Болатқызы-ПҚ “Желтоқсан ақиқаты” РҚБ Шымкент қалалық филиалы төрағасы, Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі қызметкері, “Ерен еңбегі үшін” төсбелгі иегері.
4. Бердиева Қарашаш Абдықасымқызы - патриоттық қозғалыс "Желтоқсан ақиқаты" РҚБ Шымкент қалалық филиалының мүшесі, "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі инженері.
5. Беймишева Нуржамал Дырымбаевна - патриоттық қозғалыс"Желтоқсан ақиқаты" Республикалық қоғамдық бірлестігі, Түркістан облысы филиалының мүшесі
Кездесу барысында «Желтоқсан ызғары», Отан қорғаушылар туралы бейнероликтер көрсетіліп сұрақ -жауап айдары болды.











