21
май
2025
Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде ОБКЖ-нің № 1 кітапхана бөлімшесі кітапханашыларымен бірігіп, жазушы, журналист Мархабат Байғұттың туғанына - 80 жыл толуына арнап және оның шығармаларында көтерілген адами қасиеттердің маңызы мен айтар ойын, рухани-адамгершілік сезімдерін дәріптеу, насихаттау мақсатында 8 « Ә» сынып оқушыларымен «Туған жерге тамырын жайған тарланбоз» тақырыбында әдеби сағат ұйымдастырылып өткізілді. Мархабат Байғұт – ұшқыр сезімді, нұрлы ойлы, сөз қадірін білетін дара боз тұлға ретінде таныс. Ол оқу-білімді, өнерді байлықтың үлкені деп таныған қаламгер.

