21
февраль
2025
«Ертегілер әлемі»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 20.02-21.02.2025 ж. «Ертегілер әлемі» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында ертегі оқуға шақыру іс- шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар сынып жетекшілерімен ертегілер әлеміне еніп, ертегі кейіпкерлері туралы пікір алмасты. Оқушылар алдағы уақытта көбірек ертегілер оқуға, тәртіпті, білімді, мейірімді болуға сөз берді.










