«Кактус» әдістемесі
Шымкент қаласы А. П. Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің психологы З.Касимова 3-сынып оқушылары арасында «Кактус» әдістемесін жүргізді. Бұл әдіс оқушыларының эмоционалды күйін анықтауға арналған тиімді психологиялық тәсіл. Әдістеменің мәні: Оқушыға кактустың суретін салу ұсынылады. Суреттегі бөлшектер, сызықтар, тікенектердің саны мен орналасуы баланың ішкі эмоционалды жағдайы, қарым-қатынас ерекшелігі және мінезіндегі белсенділік деңгейі туралы маңызды ақпарат береді.