21
май
2024
2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындысы.
Мектебінде 2024 жылдың 21 мамыр күні қамқоршылық кеңес мүшелерінің кезекті жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындысы.
2. Мектеп директорының ІІ жартыжылдық бойынша қаржылық есебі
3. Мектеп формасына қойылатын талаптар.
3. Жазғы сауықтыру лагері туралы
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қарастырылды. Мектеп директоры –К.Рахымбаева биылғы оқу жылындағы мектебіміздің жеткен жетістіктері мен алдағы оқу жылына қойылатын талаптар бойынша, ІІ жартыжылдық қаржылық есебі туралы айтып өтті. Мектеп әлеуметтік педагогі Н.Ташпулатова жазғы сауықтыру лагеріне баратын оқушылардың тізімін ұсынды.


