Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
30
декабрь
2019

Жаңа жыл

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жаңа жыл" мерекесі қарсаңында "Қайырымды қала - Шымкент" жобасы аясында "Жүрек жылуы" тақырыбында қамқорлықтағы, денсаулықтарына байланысты үйде оқытылатын 4 оқушыларды үйлеріне аралап, жаңдарына жылу сыйлайтын жылы лебіздер айтып Аяз ата мен Ақшақардың сыйлықтарын тарту етілді. Инклюзив, мүгедек 24 оқушылар ата-аналарымен мектепте ұйымдастырылған Жаңа жыл шыршасына қатысып демеушілер тарапынан жаңа жыл сыйлықтары берілді. Аз қамтылған, көп балалы 4 отбасына азық-түлік және 20 оқушыға жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылды. Осындай мейірлі істер жалғасын таба берсін, Жаңа жыл құтты болсын!!!

Похожие публикации: