09
октябрь
2021
Ата - аналар жиналысы

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде 15-16 қыркүйек аралығында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру,баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру мақсатында барлық санитарлық талаптарды орындай отырып ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп директоры Рахымбаева Қатира Жұмағұлқызы 2021-2022 оқу жылының дәстүрлі түрде басталуымен ата-аналарды құттықтап, жаңа оқу жылында алдымызға қойылған мақсат және міндеттермен, мектептің жетістіктерімен таныстырып өтті.