20
сентябрь
2025
жалпықалалық сенбілік
Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектептің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке атсалысты.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында өткен бұл шараның басты мақсаты – туған қаламыздың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу және жас ұрпаққа табиғатты аялаудың үлгісін көрсету.
Сенбілік барысында мектеп аумағы мен айналасы, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, талдар түбіне күтім жасалды. Барлығы ұйымшылдықпен еңбек етіп, өз қаламыздың әсем келбетіне үлес қосты.
Осындай игі істер жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.
Таза орта – салауатты өмір кепілі. Бәріміз бірлесіп еңбек еткенде ғана шынайы нәтижеге жетеміз!
