17
ноябрь
2025
«Білім кілті-кітапхана»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында, айлық жоспарға сай «Білім кілті-кітапхана» тақырыбында 1 сынып оқушыларының кітапханаға алғашқы қадамы- "Кітапханаға саяхат" сағаты ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: Кітап әлемi туралы түсiнiк берiп,кітапхана өмірімен таныстыру;
білім кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
кітапті сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітапханашылар оқушыларды “Ертегілер әлемінде”, “Қызықты энцеклопедия” көрмелерімен таныстырып, кітаптарға қысқаша шолу жасады.





