21
октябрь
2023
«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ САЙЛАУЫ-2023»
«Өзін-өзі басқару» ұйымдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде «Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді.
Сайлауға мектебіміздің үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын 8-10 сынып оқушылары арасынан 9 үміткер қатысты.
Мектеп Парламенттігіне үміткер болып тіркелген оқушылар, әр қайсысы өздерінің сайлау алды платформаларын ұсынып, өз ойларын ортаға салды.
Сайлау әділдікпен өтті және қорытындысы бойынша Мектеп президенті болып 9 «Ә» сынып оқушысы Болатов Саят сайланды. Сонымен бірге өзін-өзі басқару ұйымының құрамы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.